13.11.2026, 09:05

CRM жүйесін өзіңізге ыңғайлы етіп баптаңыз: қажетсіз сүзгілер мен бағандарды жасырыңыз

Бұрын кестеде барлық сүзгілер мен бағандар бірден көрсетілетін: үнемі қажет болатындар да, кейде ғана қолданылатындар да. Осыған байланысты кесте шамадан тыс толып, онда бағдарлану қиындайтын. Енді экранда не көрсетілетінін өзіңіз таңдай аласыз. Күнделікті жұмыс істейтіндерді ғана қалдырып, қалғанын қажет болғанда қосыңыз.


Мысалы, “Тапсырыстар” бетінде “Орындалған тапсырыстарды жасыру” немесе “Жеткізу тәсілін таңдаңыз” сүзгілерін қосып, қажетті тапсырыстарды тезірек табуға болады. Ал “Промокод енгізіңіз” сүзгісін акция кезінде қосып, акция аяқталған соң алып тастау ыңғайлы.
 

Егер кестеде бірдеңе жетіспесе
 

Жаңартудан кейін кейбір сүзгілер мен бағандар жасырылуы мүмкін, бірақ ештеңе өшірілген жоқ: барлық деректер орнында. Жасырылғанды бірнеше рет басу арқылы қайтаруға болады — нұсқаулық төменде.
 

Сүзгілер мен бағандарды қалай баптау керек

  1. Кестесі бар бөлімді ашыңыз.
  2. Кестенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы тісті дөңгелек белгісін басыңыз. Мобильді нұсқада бұл — тісті дөңгелегі бар “Бет параметрлері” батырмасы.
  3. Барлық қолжетімді сүзгілер мен бағандардың тізімі бар баптаулар терезесі ашылады.
  4. Көргіңіз келетіндерді белгілеңіз, қажетсіздерінен белгіні алып тастаңыз.
  5. Өзгерістер кестеде бірден көрінеді.
     
    Құрметпен, FoodSoul командасы! Біз сіз үшін жұмыс істейміз!